Басынан шу кетпеген ҚазҰУ тағы да сынға қалды

847
Adyrna.kz Telegram

TAV Airports компаниясының HR директоры Хакан Окер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «құрметті докторы» атанды. Ал TAV бақылайтын Алматы әуежайы төңірегінде де, университет төңірегінде де атышулы жанжалдар жетеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Хакан Окер технология саласының дамуына ерекше үлес қосып, үлкен жетістікке жетті. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті докторы» атағы берілді», - делінген университет хабарламасында.

Окерге атақ беру сарапшылар қауымдастығы өкілдерін таңғалдырды.

«Неге олар үшін, мен ұялып тұрмын? TAV-ның кадр жөніндегі вице-президентіне ҚазҰУ құрметті профессоры атағы – қандай еңбегі үшін беріліп отыр?» – деп сұрады авиация саласы сарапшыларының бірі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚазҰУ оқытушысы Дастан Қастай университет басшылығының ешбір себепсіз жұмыстан шығарғанына наразылығын білдірген болатын. Оның әлеуметтік желідегі жазбасы резонанс тудырғанннан кейін оқытушы өз қызметінде қалған. Бұдан бөлек жыл басында ҚазҰУ студенттерінің медициналық және өзге жеке деректері тарап кетіп университет төңірегінде тағы шу шыққан еді.

Пікірлер