Майқайыңдағы апат. Сарапшылар опырылған жердің маңындағы үйлерді тексеруде

902
Adyrna.kz Telegram

Жергілікті тұрғындарға төнген қауіптің алдын алу мақсатында апатқа байланысты Майқайың ауылында төтенше жағдай жарияланды. Опырылып жатқан аумақ тексерілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

«1 наурыздан бастап Баянауыл ауданының әкімдігі Майқайың кентінде опырылған жердегі 79 тұрғын үйдің аумағына зерттеу жүргізу үшін жергілікті ауқымды техногендік төтенше жағдай жариялады», - деп түсіндірді ведомстводан.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев мамандар ауылда және оның маңайында пайда болған жарықтар, көшкін, ішкі қозғалыстар мен қуыстарды тексеретінін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Баянауыл ауданында «Майкайыңалтын» АҚ аумағында жолаушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен болатын.

 

Пікірлер