Біреуінің аты - Наурыз. Президенттің иттері туралы мәлімет шықты

1772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/508163d7-f33e-4921-9556-c5a90329ea9c.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың иттері туралы мәлімет шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеп.

Мәлімет бойынша, президенттің үш асыл тұқымды тазысы бар.  Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан. Қазір Наурыз 1 жас 4

айға толды.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

Комментарии