Тәжікстан мүфтиі Рамазан айында азық-түлік бағасының көтерілуін үлкен күнә деп атады

684
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.tj
Фото: sputnik.tj

Рамазан айында азық-түлік бағасын көтеру – үлкен күнә. Бұл туралы Тәжікстан ғұламалар кеңесінің басшысы (муфти) Саидмукаррам Абдулкодирзода мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Asia-plus сайтына сілтеме жасап.

Мүфти Рамазан айы тек ораза айы ғана емес, адамның жан-дүниесін, ниеті мен іс-әрекетінің тазалығын сынайтын уақыт екенін атап өтті.

«Осы айда көбірек пайда табу үшін бағаны жасанды түрде көтеру – Исламда айыпталған ең сорақы әрекет», - делінген мүфтидің Дін істері комитетінің «Дин ва Чомеа» (Дін және қоғам) ресми басылымында жарияланған мәлімдемесінде.

Абдулкодирзода мұсылмандардың қасиетті айы мен діни мерекелерінде бағаның көтерілуінен түскен табыс саудагерлерге «уайым, сәтсіздік пен алаңдаушылықтан басқа ештеңе әкелмейтінін» атап өтті.

«Сондықтан барша саудагерлерден мүбәрәк Рамазан айының әр күні қайырымдылық жасап, бағаны көтермей, белгілі бір дәрежеде төмендетуді сұраймын. Өйткені ешбір іс сауапсыз болмайды, жақсы ниетпен істелсе, сауабы да жақсы болады», – деп түсіндірді Тәжікстан мүфтиі.

Пікірлер