Тедростың Астанадағы "құдағиы" жаңа қызметке тағайындалды

1236
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Балаларды оңалту ұлттық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа басшыны ұжымға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова таныстырды.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2020-2022 жылдары - денсаулық сақтау вице-министрі.

2022-2024 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Ажар Ғиният министр кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус оны "құдағи" деп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "құда" деп атаған болатын. Ол келіні қазақ ұлтының өкілі екенін алға тартып, өзінің Қазақстанға қатысы барын осылай білдірген.

Пікірлер