"Төрін бермейтін" Түркіменстан Қазақстанға газ бен электр энергиясын жеткізуі мүмкін

903
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстан Қазақстанға газ бен электр энергиясын жеткізуге дайын. Бұл туралы Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Түркімен табиғи газы мен электр энергиясын Қазақстанға, Әзірбайжанға және Түркияға экспорттау үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Біз бауырлас елдерге энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде одан әрі көмек көрсетуге дайынбыз»,—деді ол Түркі елдері ақсақалдар кеңесінің отырысында. 

Қазіргі таңда ел Өзбекстан мен Қырғызстанға электр энергиясын экспорттап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов елімізде электр қуатының тапшылығы күтілуде деген мәлімдеді жасады.

«2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың наурызына дейін электр энергиясы бойынша да, қуаты бойынша да тапшылықтар болады»,—деді басшы.

Пікірлер