Жігітімен жанжалдасқан. Балқашта бойжеткен өз-өзін өлтірмек болды

986
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pokisia.kz
Фото: Pokisia.kz

Полиция қызметкерлері өз-өзіне суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Балқашта қыз бала 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған.

Наурыздың 13-і күні кешке Балқаш қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің төбесінде әлдебір қыздың секіргелі жатқаны туралы хабарлама түскен.

"9 қабатты үйдің төбесінде олар ең шетінде отырған қызды көрді. Біз бірден подъезден кіріп, жоғарғы қабатқа көтерілдік. Төбеге шығатын есік ашық болды. Қызға екі жақтан үнсіз жақындады - ол терең ойға шомып, ештеңеге назар аудармады. Біз оны ұстап алып, қауіпсіз жерге түсірдік", - деді полицейлер.

Құтқарылған 21 жастағы қала тұрғыны үш күн бұрын жігітімен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, ұрысып қалғаны белгілі болды. Жанжалдан кейін жігіт қызға хабарласпаған. Ал 21 жастағы бойжеткен өз өмірін қиюға шешім қабылдапты.

Шатырда 15 минут отырған қызды полицейлер құтқарып қалды.

Пікірлер