Танымал кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды

10085
Adyrna.kz Telegram
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Алматыда кәсіпкер Бақыт Ибрагим қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Qazaq Bankiнің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим кеше өлі күйде табылды.

Полиция марқұмға қатысты "өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бақыт Ибрагим Bank RBK қаражатын "алаяқтық жолмен жымқырды" деген күдікке ілініп, 2018 жылдың маусымында Германиядан экстрадицияланған болатын. Айыпталған акционерді 8 жвлға бас бостандығынан айырып, мүлкін де тәркілеген.

2020 жылы қарашада сотталған Бақыт Ибрагимнің жазасы 7 жылға қысқарған.

Түрмеден босап шыққанына бірнеше ай болған акционер өлі күйінде табылды.

БАҚ-та Бақыт Ибрагим Бақытжан Сағынтаевтың экс-күйеу баласы екені айтылуда.

Пікірлер