Шекарадағы кезек. Қазақстан мен Қырғызстан арасында көлік кептелісі орын алды

816
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тағы да көлік кептелісі орын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі kaktus.media-ға сілтеп.

«Ақ-Тілек» бақылау-өткізу бекетінің маңындағы айналма жолда кезек пайда болған.

Жағдай ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындап кетті.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі жүк көліктерінің жиналуы жүк тасымалының артуына байланысты деп есептейді.

Сондай-ақ, екі елдің шекара қызметтері жүк көліктерінің өтуіне ешқандай шектеулер жоқ екені атап өтті.

Пікірлер