Ұлттық киім киіп жүрсең, автобус тегін

1116
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

22 наурыз күні Петропавлда ұлттық киім киген азаматтар автобуспен тегін жүре алады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Петропавловск News-ке сілтеп.

Мұндай шара Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі аясында өтіп жатыр.

Автобус жүргізушілері қала тұрғындарын көктемгі Наурыз мерекесімен осылай құттықтауды жөн көрді.

Бұл күні Петропавлда да көрмелер, челлендждер, концерттер, қайырымдылық шаралары, шеберлік сабақтары, байқаулар мен түрлі қойылымдар өтеді. Солтүстікте Наурыз биыл жаңаша және кең көлемде тойланбақ.

Пікірлер