Геннадий Головкин қазақстандық спортшыны тарихи жеңісімен құттықтады

1124
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Olympic.kz-ке сілтеп.

Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин спортшыны жетістігімен құттықтады.

“Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді одан әрі қуанта беруіңізге тілектеспін!”, - деді ҰОК президенті.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының үздігі деп танылған спортшы Денис Никиша әлемдік бәсекеде күміс медаль жеңіп алды. Сол арқылы ол аталған спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді.

Пікірлер