Қарағандыда ғимараттың жертөлесінен өрт шықты

1632
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-17-at-13.54.46.jpeg
Қарағандыда екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ТЖМ-ға сілтеп. Оқиға Қазыбек би ауданында болған. Төтеншеліктер ғимараттың жертөлесіндегі ағаш қаптама жанып кеткенін айтады. ТЖД күшімен ғимараттың 2-ші қабатының балконынан 5 адам құтқарылған. Қзаір ғимараттағы өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 30 адамы және 7 техника жұмылдырылды. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Ал өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Комментарии