Балқаштықтар водовозбен су тасуға мәжбүр болды

668
Adyrna.kz Telegram
Фото: Рlumbingparamedics.ca
Фото: Рlumbingparamedics.ca

Балқашта сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбыры жарылып, аудандарда ауыз су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке сүйенсек, аймақтың сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбырында үлкен апат болып, судың қысымы азайтылған. Салдарынан суды тоқтатуға мәжбүр болған.

Төтенше жағдай Желтоқсан мен Ағыбай батыр көшілерінің қиылысында орын алып, қаланың мыңдаған тұрғындары сусыз қалып отыр.

Сондай-ақ, мөлтек аудандарға арнайы көліктермен су жеткізіле бастаған.

Пікірлер