ҰҚШҰ Ресей президентінің сайлауы “әділ” өткенін хабарлады

725
Adyrna.kz Telegram
Фото: ort-tv.ru
Фото: ort-tv.ru

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) парламенттік байқаушылары Ресей президентінің сайлауының ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Олар науқанның еркін және әділ сипатта өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Негізгі дауыс беру күні, 17 наурызда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің парламентшілері Ресейдегі президент сайлауын бақылауды жалғастырды.

ҰҚШҰ ПА байқаушылары дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімдерін дайындау сапасына, бюллетеньдерді беру тәртібіне немесе дауыс беру тәртібіне қатысты шағымдарды анықтаған жоқ", - делінген Ассамблея хабарламасында.

Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары халықаралық байқаушылардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің президент сайлауында 87,38% шамасында Владимир Путин жеңіске жетіп тұрғанын хабарлаған едік. 

Пікірлер