Қазақстан мемқызметкерлердің жалақысына жыл сайын 1 триллион теңге жұмсайды

794
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына жылына 1 триллион теңге жұмсайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің мәлімдемесіне сілтеп.

«Мен жалпы мемлекеттік аппараттың жалақысы туралы айта аламын. Бұл сома 1 триллион 32 мың теңгені құрайды, бұл барлық мемлекеттік қызметкерлердің бір жылдық жалақысы», - деді Тәкиев сейсенбі күні үкімет брифингінде.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, министрліктердің саны 14-тен 21-ге дейін өскенімен, жалпы штат саны көбейген жоқ.

«Министрліктерді бөлу туралы шешім қабылданды, бірақ штат толықтырылмаған, саны сол күйінде қалды. Менің білуімше, 89 мың мемлекеттік қызметкер бар, олардың саны да бұрынғыша», - деп қосты басқарма басшысы.

Пікірлер