Айыбы ауыр - жазасы жеңіл. Шартты түрде биліктен кеткен Назарбаевтың туысы шартты сотталды

1601
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы бойынша айыпты деп танылып, шартты түрде сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Дат» газетіне сілтеп. 

«26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен сегіз жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», - делінген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың әлеуметтік желідегі парақшасында мақаладан жариялаған үзіндісінде.

Еске салайық, Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен қуылды.

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Самат Әбіштің үстінен Қаңтар оқиғасы кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

2024 жылдың 15 қаңтарында Әбіштің ісі сотқа жіберіліп, 28 ақпанда Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бұл іс сотта екенін мәлімдеді.

Пікірлер