«Алтын түлек» олимпиадасының жеңімпаздары шетелдік гранттарға ие болды

910
Adyrna.kz Telegram

2023-2024 оқу жылғы 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды “Адырна”.

Биыл «Алтын түлек» олимпиадасына 25 000 жуық оқушы қатысып, оның 2 000 жуығы республикалық кезеңде бақтарын сынады.
Республикалық кезеңі еліміздің 18 өңірінде жоғары оқу орындарының базасында өтті.
Олимпиада үздіктеріне облыстық «Дарын» орталықтарымен бірлесе 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табысталды.

Сонымен қатар, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 19 отандық жоғары оқу орны 66 грант тағайындады.

Бұған қоса, жеңімпаздар Alanya Universitesi, Cyprus Science University секілді шетелдік оқу орындарының 11 грантына ие болды.

 

Пікірлер