«Наурыз – тіршілік пен жаратқанды құрметтеу мерекесі». Оны үлгілі нұсқада тойлау жолы қандай?

2348
Adyrna.kz Telegram

Наурыз мейрамының түрлі сырлары туралы “Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасындағы кезекті сұхбатында айтылды.

Бүгінгі «дөңгелек үстел» басында мәдениеттанушы Бердалы Оспан және 22 наурызда туған белгілі ақын Бақыт Беделханұлы Ұлыстың ұлы күні жайлы ұсыныс, пікір, идеяларымен бөліседі. Наурыз мерекесінің тарихы баяндалып, бүгінгі даму үрдісі, Ұлыстың ұлы күнін жаңаша үлгілі нұсқада атап өту жайы талқыланады.

Сұхбат барысында Ұлыстың ұлы күні орындалатын ырым-жоралғылар ғана емес, шаруашылық ерекшеліктері де талданады. Сарапшылар экологиялық талаптар адамдарды жақындастыратын жалғыз мереке Наурыздан басталуы керек деген ойға тоқталады.

Пікірлер