Кино, мәдениет және дипломатия. Өзбекстан өзінің "жұмсақ күшін" нығайтпақ

813
Adyrna.kz Telegram

Ташкентте Наурыз мерекесі қарсаңында дипломатия мен мәдениетке арналған «Өзбекстанның өркениеттік әлеуеті жұмсақ күштің басты факторы ретінде» атты медиа-шара өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі fergana.agency-ге сілтеме жасап.

Оны елдің мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғам мен Әлемдік экономика және дипломатия университеті ұйымдастырды.

«Біздің мақсатымыз — дипломатия мен мәдениет деген екі күшті біріктіру. Әлемдік қауымдастық көптеген зерттеу жұмысын жүргізді және бұл білім болашақ дипломаттардың қызметінде пайдалы болуы мүмкін. Біз кинематография саласында практикалық ынтымақтастықты жоспарлаудамыз. Өзбек киносының бай мұрасы бар. Сондықтан жұмсақ күшті насихаттап, шет елдерге кино арқылы ағартушы зиялылар, жәдидшілер туралы айтуды мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта Өзбекстан кинематография агенттігімен және киноқормен бірлесіп, халықаралық киноклуб ұйымдастырмақпыз.  Елімізде жұмыс істейтін дипломаттарды шақырып, өзбек киносын шетелде көрсетеміз», – деді Өзбекстан сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев.

Пікірлер