Бектенов Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

645
Adyrna.kz Telegram

Қазақстаның Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі "Крокус Сити холл" ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды", - делінген хабарламада.


Үкімет басшысы Ресей елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Бұған дейін Қазақстан үкіметінің басшысы Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Пікірлер