Тағы бір туынды. Түркіменстан президенті Анау туралы кітап жазып тастады

1198
Adyrna.kz Telegram
Фото: centralasia.news
Фото: centralasia.news

23 наурызда өткен үкімет отырысында Түркіменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов «Änew - müňýyllyklardan gözbaş alýan medeniýet» (Анау – мыңдаған жылдардан келе жатқан мәдениет) кітабы бойынша жұмысты аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Түркіменстан: бүгін» ақпарат агенттігі жариялады,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кітап Анау қаласының 2024 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланғанына орай жазылған. Сердар Бердімұхамедов кітапты жазуға Түркімен халқының Ұлттық Көшбасшысының тарихи дерек көздерінен жинаған материалдары көмектескенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Түркіменстан халқы үшін мерекелер шексіз серия екенін, келесі аптада Анау қаласын 2024 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялауға арналған іс-шаралар өтетінін айтты.

Сердар Бердімұхамедов түркімен халқының даңқты өткенін растай отырып, әлемге әйгілі археологтар В.Массон, Р.Пампелли, В.Сарианидидің Түрікменстанда ашқан жаңалықтарына назар аударды. Батыр-Арқадаг олармен және олардың ұрпақтарымен жұмыс істей алды, археологтардың елдің әр түкпіріне сапарларын ұйымдастырды, жалпы, қазба жұмыстарына байланысты іс-шараларды жүргізді.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Сердар Бердімұхамедовтың «Жастар – Отан тірегі» атты алғашқы кітабының тұсаукесері болды. Кітапта ел жастарының қазіргі дәуірдегі жетістіктері жинақталған. Еңбек бақытты жастар жылының қорытындысына арналған.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызына дейін бұл қызметті атқарған Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сонымен қатар аспаздық пен жылқы шаруашылығын қоса алғанда, алуан түрлі тақырыптар бойынша 60-тан астам еңбектің авторы ретінде танымал.

Пікірлер