"Қоғамдық көлікте ұмытқан". Автобустан кішкентай бала табылды

1928
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алматыда автобустан кішкентай бала табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп. Баланың жоғалған видеосы әлеуметтік желілерде пайда болған. Кадрдан автобус жүргізушісі сәбиді патрульдік полиция қызметкеріне табыстап жатқанын көруге болады. Ал бейненің астында баланың ата-анасы сәбиін автобуста "ұмытып кеткені" жазылған. Алматы Полиция департаменті баланың туыстары табылғанын айтады.
"Ата-анасы бірнеше минуттың ішінде табылды. Бала оларға тапсырылды. Барлығы жақсы", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Комментарии