Бүгінде адамзатқа төніп тұрған басты қауіптің бірі ол - терроризм. Себебі ол кез- келген жерде, кез - келген уақытта болуы мүмкін және оның құрбаны қарапайым халық.
Соңғы күндері әлем назары Мәскеуде. Ол жерде болған лаңкестікте қаза болғандар саны 130 - дан асып, жараланғандар саны 180- нен асып жығылды. Жазықсыз бүтіндей отбасы, қамсыз сәби де лаңкестік құрбаны болды. Жүргізіп отырған саясатына қарамастан, қарапайым халықтың қайғысын түсініп, бүкіл әлем бір сәт орыс халқымен бірге болды. Ешкім лаңкестікті жақтамайтыны белгілі, Қазақстанда қатаң айыптайтынын жеткізді.
Ұлт қауіпсіздігі мемлекеттік саясаттың басты міндеті. Осы орайда ел Президенті бірден Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп құзырлы органдарға терроризммен күресу шараларын, оның алдын - алу әрекеттері жайлы бірқатар тапсырмалар беріп, халықаралық ұйымдармен де әріптестікті арттыру мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, бүгінгі АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен болған кездесу барысында да халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жайлы сөз қозғап, Қазақстанның терроризмге қарсы шараға үнемі көмек қолын созып, біріге күш жұмылдыруға дайын екенін атап өткен.
Damir Belgibaev