Қазақстан құрамасы Люксембургпен болған жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

2749
Adyrna.kz Telegram
Футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

 

Матч "Стад де Люксембург" стадионында өтті. Ойынның 2-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Әділет Садыбеков есеп ашты. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы болды. 24-минутта Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес есепті теңестірді. Кейін оның командаласы Данел Синани (45-минутта) гол салды. Осылайша, Магомед Адиевтің шәкірттері қарсылас командадан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалында жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузиядан 2:0 есебімен ұтылса, Қазақстан құрамасы Грекияға 5:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

 

Пікірлер