Төтенше жағдай: Құтқарушылардың қауырт қызметі

686
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіз мемлекеттің жеке ел болып қалыптасуында өз Қарулы күштері, саси жүйесі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен құтқарушылары сынды бірқатар маңызды салалары болады. Соның ішінде төтеншеліктер орны ерекше.

Елімізде жыл сайын 18 мыңға дейін төтенше жағдай орын алады. Айта кет керек Қазақстан аумағы төтенше жағдайлардың барлық дерлік түрлеріне бейім. Елде өрт, сел жүру, су тасқыны, жер сілкінісі сынды бірнеше табиғи апаттар жиі болып тұратыны жасырын емес. Осы тұста елде төтенше жағдайларға қарсы арнайы жаттығулар мен алдын алу шаралары жиі жүргізіліп отырады.

1995 жылдан күні бүгінге дейін құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрттің алдын алу, табиғи апаттардан келер үлкен қауіпті жою үшін түрлі жаттығулар ұйымдастырып, ел тұрғындарын ақпараттандырып келеді.

Төтеншеліктердің кәсібилігі мен шапшаңдығының арқасында соңғы жылдары болған апаттардан 386 мыңнан астам адам құтқарылды, 351 мыңнан астам адам түрлі төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуацияланған. Одан бөлек 60 мыңға жуық зардап шеккендерге де медициналық көмек көрсетілген.

Жыл сайынғы статистикаға сүйенсек бір жыл ішінде 18 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеледі екен. Төтенше жағдай аймағынан 8 мыңға жуық азамат құтқарылса, 20 мыңға дейін азамат эвакуацияланды.

Ел аумағында төтенше жағдайлардың көбісі – өрт. Сол себепті өрт сөндіру қызметі әрқашан ерекше назарда екені белгілі. Бүгінде аталған саладағы материалдық-техникалық базаны нығайтып қана қоймай, өрт сөндірушілердің ерен еңбегі мен бірнеше жылдық тәжірибесіне орай олардың еңбекақысын арттыру туралы да сөз етуге болады.

Тәуелсіздік алғалы 32 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі түрлі елдермен де төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін берік құқықтық негіз құрған. Бүгінде Қазақстан төтеншеліктер өзге елдермен 34 халықаралық келісім жасалды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ департаменттерімен тығыз байланыста екенін де айту керек.

Одан бөлек елде болған көктемгі су тасқыны салдарынан болатын су басу қаупін азайтуда да төтеншеліктердің еңбегі ерен.  Расында да, статистикаға көз жүгіртсек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлер санының оң динамикасы байқалады. Дегенмен, қар еріп, су тасқыны орын алған елді-мекендер мен ауылдарда төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнының ортасынан табылады.

Құтқарушы болудың артықшылықтары мен қайшылықтары бар. Артықшылығы -  денсаулық өте жақсы болуы. Құтқарушылардың денсаулығы әрдайым бақылауда болады. Алайда құтқарушылардың жұмысы қауіп пен қатерге толы болатынын да ескерген жөн. Құтқарушылардың қауырт жұмысы үшін қоғамда жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер бар. Одан бөлек, құтқарушылар зейнетке шығу бойынша да өзгелерден ерекшелігі бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің әрбір қызметкері әскери адам секілді. Олар да әрдайым физикалық формадан бөлек, ұшқыр ой мен дарын болуы керек. Құтқарушылар кейде адам өмірінің сақтаушысына да айналады.

Ал бір кемшілігі күн мен түнге, демалысқа қарамастан төтенше жағдай бола қалса, жұмыс уақытына қарамастан қызметке кіріседі.

Құтқарушының бір жұмыс күні де тынымсыз өтеді. Бұл салада қызмет ететіндер жұмыс күнін жоспарлай алмайды. Олар тек қала ішінде ғана емес, сыртында да, тау-тас, жазық даладада да жүріне тура келеді. Өзен-көл, орманда, тауда адасқандарды іздеп, көмекке мұқтажға қол ұшын созады. Құтқарушы болу үшін физикалық дайындық, төзімділік, мықты мінез бен алғырлықтан бөлек, тұла бойдағы ақылдылық, тез шешім қабылдау, жылдам ой мен әрекет ету қабілеті болуы керек.

Қазақстанда құтқарушылар қиындықтан тайсалмай, ештеңеге қарамай, алға қарай жүруге ұмтылатынын жоғарыда атап өттік. Одан бөлек төтеншеліктер кез келген қайғылы жағдайда болсын, қуанышта болсын эмоцияға берілмей, болат темірдей мықты болып, емін-еркін жұмысқа қайта кірісуге бейімделуі керек.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, елімізде құтқарушы болып жұмыс істегісі келетіндердің қатары жыл сайын көбеюде.Қазақстанның кез келген азаматы өз еркімен болсын, 18 жастан кейін келісімшарт бойынша қызмет ете алады. Елімізде құтқарушыларға қойылар негізгі талаптар бар. Ол 18-ден 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер бола алады. Одан бөлек мамандыққа сәйкес орта немесе жоғары білімі болып, азамат стрессті жеңе алатын, жігері мықты әрі төзімі темірдей болуы тиіс.

Біздің елде төтенше жағдайлар қызметінің маманы болу жынысқа қарамайды. Құтқарушы әйел адамдар аталмыш салада өзін түрлі тұстан көрсетуге қарымды.

Пікірлер