Мәскеудегі теракт: тағы бір күдікті ұсталды

1182
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РИА Новости
Сурет: РИА Новости

Ресейдің Тергеу комитеті Крокус Сити Холлдағы терактке қатысы бар тағы бір күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресейлік БАҚ департамент төрағасы Александр Бастрыкиннің қатысуымен өткен жедел кеңесте тергеуге қатысты тың деректер айтылғанын жазды. Материалда күдіктінің аты-жөні мен оның ұсталған жері көрсетілмеген.

«Ер адам лаңкестерді «қаржыландыруға» қатысқан деген болжам бар»,—делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер