Навальныйдан соң. Ресей депутаты ОА-мен арада визалық тәртіп енгізуді ұсынды

861
Adyrna.kz Telegram
фото: Tūrisma firma Vlissa
фото: Tūrisma firma Vlissa

Ресей Мемлекеттік Думасының Самара облысынан сайланған депутаты Михаил Матвеев Тәжікстанмен визалық режим енгізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Коммерсантъқа сілтеме жасап.

Саясаткердің айтуынша, Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекет бақылаусыз мемлекеттік көші-қонның қандай жағдайға әкелетінін көрсетті.

«Арнайы әскери операция аясында Ресей билігі қажетсіз элементтердің елге кіруіне жол бермеуі керек. Сондықтан Тәжікстанмен, мүмкін, Орталық Азияның кейбір басқа мемлекеттерімен визалық режимді енгізу қажет. Бұл шетелдіктер енді Ресейге мүлдем кіре алмайды дегенді білдірмейді. Сондай-ақ еңбек көші-қонын қатаң бақылауға алу керек. Бүгінде Тәжікстанның кез келген тұрғыны пойыз билетін сатып алып, Ресейге келе алады. Егер мигранттардың кіруіне шектеу қоймай, цифрлық бақылауды енгізбесек, полиция мен барлау қызметтері қарсы күрес жүргізе алмайды»,—деді ол.

Еске салайық, бұған дейін оппозиция жетекшісі Алексей  Навальный Орталық Азия елдерімен визалық тәртіп енгізуді ұсынған еді. Ол мигранттардың басым бөлігі Ресейге ТМД елдерінен келетінін айтып, олардың жұмыспен қамтылуы елдегі еңбек өнімділігінің артуына әкелмейтінін мәлімдеген.

Пікірлер