Нәрестелерді зорлаған адам 25 жыл бас бостандығынан айырылды

817
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлаған ер адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның жазбасына сілтеп.

“Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Балаларға қарсы жасалған жаға ұстатарлық қылмыстар туралы мен қараша айында Алматы облысына барған соң жазған болатынмын . Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды Закиева Instagram желісінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруге қатысты облыс прокуратурасы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару, қызметтегі немқұрайлылық, әрекетсіздік белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар егіз қыздарды зорлады деп күдікке ілінгені туралы жазған едік. Кейіннен егіздердің әпкесінің де зорлық көргені анықталған еді.

Пікірлер