Жол апаты. Абай облысында көлік көпірден құлап, бір адам қайтыс болды

760
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Абай облысында автокөлік көпірден құлап, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды "Адырна"тілшісі.

Қайғылы оқиға 31 наурыз күні Алматы-Өскемен тас жолының 967-ші шақырымында болды

Көлік көпірден құлап, 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

«Лада Калина» көлігін тізгіндеген ер адам рульді басқара алмай, темір қоршауға соқтығысты; жүргізуді жалғастыра бергенде жүргізуші көпірден аударылып қалды», - деп хабарлады полиция.

Пікірлер