Атырау облысының ауданына қатер төніп тұр

1059
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қызылқоға аудандық әкімдігі
Фото: Қызылқоға аудандық әкімдігі

Атырау облысындағы тағы бір ауылда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын су кіру қаупі туындаған. Сәйкесінше аймақта төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды.

Қызылқоға ауданы әкімдігі ауыл тұрғындарын эвакуациялау үшін Ы.Шөреков атындағы орта мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайын тұрғанын жеткізді.

«Тұрғындардан аудан әкімдігі, «Арман» мәдениет үйі мен «Жаңа арна» мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, I, II, III- топтағы мүгедектер көшіріледі», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Пікірлер