Шымкентте жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Шымкентте Kia автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргіншінің қасында зайыбы болған.
Kia жүргізушісінің 29 жаста екені
айтылады. Қаланың орталық көшелерінің бірінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 1976 жылы туған жаяу жүргінші көз жұмды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз