Арыс қаласының әкімі жарылыстан зақым келген үйін өзі жөндеп алатынын айтты

4044
Adyrna.kz Telegram

Арыс қаласында бірде-бір балабақша жұмыс істеп тұрған жоқ. Жарылыс кезінде білім ошақтары ғимараттарының барлығына да зақым келген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Қадырбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

«Жарылыстан өз үйіме де зақым келді» деген Арыс қаласының әкімі алдымен халықтың баспанасын жөндеп беруге жағдай жасамақ екен. Тілшілерді құрылыс барысымен таныстырған Мұрат Қадырбек қазір 700 — ден астам үйдің жөнделіп жатқанын жеткізді. 180 баспана қалпына келтірілген. Жарылыс кезінде қаладағы 30 балабақшаның барлығы бүлінген. Билік өкілдері 10 күн ішінде соның жартысын іске қосамыз деп уәде етті.

Сұмдық жарылыстан халық тек баспаналарынан ғана емес мал-мүлкінен де айырылды. Алайда шенеуніктер мүлкін өтеп бермесек те тұрғындардың күнкөрісіне жарап тұрған мал шаруашылығын реттуге қолғабыс жасаймыз деп отыр.

Ал өтемақы ретінде берілетін 100 мың теңге әлі жыр болмаса деңіз. Себебі, осыған дейін қаражатты алу үшін «тұрғындарға ешқайда барып, құжат жинаудың қажеті жоқ» деген атқамінерлер халықты әбігер етуге мәжбүр екен.

Өтемақы жарылыс кезінде зардап шеккен қалаға жапсарлас орналасқан ауылдық елдімекен тұрғындарына да тиесілі. Құжат қабылдау мерзімі шектеусіз. Тұрғындар кез-келген уақытта көмекке иек арта алады. Тек Арыста тұрғылықты тіркеуде болу керек.

 

Мақпал Рысбаева

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер