Тұғырлы Тұрандағы бәйге: Пікірсайыс қайырымдылыққа жетелейді

87
Adyrna.kz Telegram

Өзінің іргетасын Тұран универститетінде 8 жыл бұрын қалаған “Idc Sirius” пікірсайыс клубы қоғамда қайырымдылық жасауға өз үлестерін қосты.

Наурыздың 2-3 жұлдызы күндері алғаш рет қайырымдылық жасауға бағытталған “Qamqor Cup І” республикалық пікірсайыс турнирін өткізді. Бұған дейін 6 жыл қатарынан жыл сайын республикалық турнирлерді өткізіп, Тұран универстиеттінен оқушыларға 4,2 жылдық гранттарды беретін. Студенттердің интеллектуалды сауаттарын шынықтырып қана қоймай, қазақ тілінің кең ауқымда таралып, шешендік өнердің дамуына үлес қосып жүрген кішігірім ұйым еді. Ал осы жылы жаңа деммен тек білім емес, адамда болуы керек адамгершілік, мейірім сияқты қасиеттердің студенттерде кең таралуына үлес қосты. Бұл жоба «Asar-ume» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып атқарылды және турнирден түскен қаражат «Asar-ume» ұйымына аударылды. 67 фракция, 134 адам қатысып,өз бақтарын сынады және қайрымдылыққа өз үлестерін қосты. Демеушілеріміз “samal.water” ,“browdgy.kz” , “bul.senim” , “jops.optic.kaskelen” , “ademi.shar”.

Студенттер өте көп кештер ұйымдастырып, қолдарынан келгенше көп сомма жинауға тырысты және соның арқасында үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Осындай ауқымды қозғалыстан кейін жиналған қаражат - 1 155 797 теңгені құрады.Жиналған сомма толығымен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу мақсатында игі іске жұмсалды. Үлесін қосқан әрбір жанға шексіз алғысымызды білдіреміз! Бұл Сириус интеллектуалды пікірсайыс клубының алғашқы ерекше турнирі болса да,естен кетпес атмосфераға толы болды.

Жарқ етпей жарқырап,қайырымдылық жасап жарысайық !

Пікірлер