Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілген

637
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілгені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұнайдың төгілгені туралы Глобус орталығының атқарушы директоры әлеуметтік желідегі парақшасында жзған.

"Ғарыштық мониторингтің мәліметтері бойынша, 30 наурызда Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілуі анықталды. Ғарыштық мониторингті жүзеге асырған топтың мәліметінше, "eуропалық Sentinel-1A радиолокациялық суретінде қазақстандық Қашаған мұнай өндіру алаңының маңында төгілген төгінді көрсетілген", – делінген Галина Чернованың желідегі жазбасында.

Атырау облыстық экология департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Егер бұл фактілер расталса, қоршаған ортаны қорғау департаменті NCOC компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Нәтижелер қосымша хабарланады", – делінген хабарламада.

Осылайша департамент Қашаған кен орны аумағында мұнайдың төгілу фактілері негізінде  сынама алу үшін теңізге шықпақ.

Пікірлер