Қанат Ислам қарсыласын 10 секунд ішінде нокаутқа түсірді

2834
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/photo_57715.jpg
Қанат Ислам 5 шілдеде қарсыласы доминикандық Хулио де Хесуспен жұдырықтасқан. Олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы болды, бірақ көрермендер жекпе-жекті тамашалап үлгермеді: қазақстандық қарсыласын бірінші раундтың оныншы секундында нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Қанат Исламның бұл жекпе-жегі ұзақ уақыт үзілістен кейін болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың қыркүйек айында рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық боксшы Брэндон Кукті жеңіп, сол жеңісімен WBA Inter-Continental және WBO-NABO екінші дәрежелі титулдарын қорғаған, алайда кейін ол атақтарынан айырылып қалған. Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта Геннадий Головкин өнер көрсетеді.  

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz "Адырна" ұлттық порталы

Комментарии