Бишімбаев ісі бойынша айыптаушы прокурор ресми парақшасын ашып, қазақстандықтарға үндеу жолдады (ВИДЕО))

1134
Adyrna.kz Telegram

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы міндетін атқарушы прокурор Айжан Аймағанова Instagram желісінде өз парақшасын ашып, оқырмандарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айыптаушы, прокурор Айжан Аймағанованың атынан құрылған бірнеше фейк парақшалар пайда болған. Содан кейін Бас прокуратура бұл парақшалардың барлығының Аймағановаға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

Желіде туындаған жанкүйерліктен кейін прокурор Аймағанова Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасын ашып, пайдалы болуға тырысатынын айтты:

«Мен, Айжан Аймағанова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісімін. Қазіргі уақытта қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы қызметіндемін. Әлеуметтік желілерде белгісіз фейк аккаунттар ашылып жатқандықтан мен өз атымнан Instagram-да жеке аккаунтымды ашуды шештім. Бұған дейін менде ешқандай жарияланым болған жоқ, бірақ мен мүмкіндігінше ашық және пайдалы болуға тырысамын», - деді Аймағанова.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы "zhakiti" логиніндегі парақшаның шынымен де прокурор Аймағанованың жеке парақшасы екенін растады.

Айта кетейік, Аймағанова Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сөйлеген сөздерімен, айыптау фактілерімен қазақстандықтарды таңғалдырған болатын. Жұртшылық сот отырыстарының трансляциясынан үзінділер алып, әлеуметтік желілерде прокурордың қайсарлығына тәнті екендерін ашық қолдай бастады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @zhakiti

 

Пікірлер