Құлсарыда 2,5 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басып қалды

561
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының Құлсары қаласында 2,5 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарын су басып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Атырау облысының Құлсары қаласында сағат 22.45-тегі жағдай бойынша 2500 жеке тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды су басқан. Жергілікті өзін-өзі басқару, төтенше жағдайлар, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштерімен тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 1 мыңнан астамы балалар», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарға мәлімдеме жасаған болатын. 

Пікірлер