Шенеуніктер су басында жүр. Нәтиже қандай?

510
Adyrna.kz Telegram

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі, премьер министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ұдайы хабардар етіп отыр, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы UKIMET Telegram арнасына сілтеме жасап.

5 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды, сондай-ақ облыстық штаб басшыларының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жол тартты. Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру міндеті тұр.

 

Пікірлер