Асын ішіп, ақысына қару жұмсаған ба? Ақтауда кафе қлиенті оқ атты

2001
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada.kz-ке сілтеп. Кафе қонақтары тамақтанған соң есепті төлемей кетіп қалмақ болған. Алайда оларды кафе қызметкерлері тоқтатып, екі тарап арасында жанжал туған. Салдарынан кафеге келушілердің бірі тапаншадан әуеге оқ атқан. Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Комментарии