"10 метрге дейін". Жайық өзенінің деңгейі көтерілуі мүмкін

1629
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрге дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Мой город" басылымына сілтеп.

Ооблыс әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев жағдайды мәлімдеді.

"Жайық және Шағын өзендеріндегі бөгеттерді бекітеміз. Топографиялық суретке түсірдік, оларды одан да қатты жасауға болады. БҚО төтенше жағдай департаменті 10-20 сәуірде су көтеріледі деп болжап отыр. Шарықтау шегі 15,16,17 сәуірде болады. Облыстағы 20-дан астам ірі компания 200 шақты техникасын берді", - деді Жандос Дүйсенғалиев.

“6 сәуірдегі мамандар болжамынша су деңгейі 10 метрге дейін көтерілуі күтілуде” ақпарат тараған. "Қазгидромет" бөлімшесінің директоры Тілеген Шапанов ақпаратты фейк деп атады.

Дегенмен “Мой город” басылымы су деңгейінің 8,5 метрге дейін көтерілуі қалаға қауіпті деңгей екенін жазған.

Пікірлер