Алматы облысы Жібек жолы ауылын су басты. Бұл туралы әлеуметтік желілерде видео пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, 7 сәуір күні түнде бірнеше көшені су алған. Алматы облысы әкімдігі жер асты суларының көтерілгенін хабарлады.
"Жібек жолы кентінің Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ Жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жерасты суларының жиналу деректері анықталды. Қазір әкімдік қызметкерлері арнайы техника
Еске салайық, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Жармұхамет өзенінің төменгі ағысындағы екі көл толып, нәтижесінде 12 мыңнан аса адам тұратын екі елді мекенді су басу қаупі төніп, кейбірі шұғыл эвакуацияланған болатын.