Мүңкіген иіс Атырау ауасын былғады

1812
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/atyraudaғy-tүtin.jpg
Атыраулықтар бүгін өрт пен түтін иісін сезді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі AtyrauPress-ке сілтеп. Төтенше жағдайлар департаменті 9 сәуірге қараған түні Атырауда түтіннің иісі сезілгенін хабарлады. Алайда барлау жұмыстарының нәтижесінде аймақтан өрт деректері анықталған жоқ. Еске сала кетейік, 8 сәуір күні сағат 17:50-де Ресей Федерациясының Астрахань облысында 800 шаршы метр аумақта қамыс өртенген болатын. Облыс тұрғыны:
"Біздің аумақта қамыс жиі өртенеді, оны жергілікті тұрғындар өздері өртеп жібереді. Міне, күйік иісінен тұншығып жатырмыз. Әр көктемде осылай болады. Бұл қашанға дейін жалғасады?», - деп шағымданды
Комментарии