Роман Скляр Заречный тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды

722
Adyrna.kz Telegram
Фото: toppress.kz
Фото: toppress.kz

Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Заречный кентінде тұратын 239 тұрғынды эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Заречный кенті Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойындағы бөгеттерді аралап шықты. Одан бөлек, Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекіністерінің дайындығын тексеріп, эвакуациялау пунктінің дайындығына баса назар аударды.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің қорытындысы бойынша Заречный кентінде тұратын 239 тұрғынды эвакуациялауды бастауды тапсырды.

Қала әкімі аталмыш кентке су тасқынының үш күнде жететінін хабарлады. Осыған байланысты бірінші вице-премьер тез арада азаматтарды эвакуациялауды бастауды тапсырды.

"Адамдарға 2017 жылмен салыстырғанда, биылғы су тасқынының ауқымды екенін түсіндіру керек, өйткені ауыл ойда орналасқан және инженерлік құрылыстар судың көтерілуіне шыдамауы мүмкін, тұрғындарды эвакуациялау үшін екі күн бар", – деді ол.

Пікірлер