“Назарбаев мұнайдың буына мастанды” - сұхбат

1990
Adyrna.kz Telegram
Коллаж: adyrna.kz
Коллаж: adyrna.kz

"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында жарияланған сұхбаттың кезекті спикері - Алмасбек Садырбай. Ол - мал шаруашылығының белсендісі, «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі.

Алмасбек Садырбай судан туындаған апатты жағдай жайлы айтып, саланың проблемаларын баяндады. Оның айтуынша, салалық министрлік судан келетін апат жайында алдын-ала құлағдар етілген. Алайда одан қортынды шығармаған министрлік жұмысы ешқандай сын көтермейді.

Қақаған қыста Жаңаарқада жұт басталғанда қамсыз қалған сала басшылары ілкімді, ұтымды шара қабылдамаған. Ауылдағы техниканың тозғанына меңзеген белсенді билікте олигархтар отырмау керек деп санайды. Биліктің Аграрлық партияны тіркемей жүргенін айтқан Алмасбек Садырбай салаға реформа жасалу керек деп есептейді.

"Адырна" ұлттық порталының youtube арнасы еліміздегі қызықты оқиғаларды, түрлі ақпараттарды, пайдалы сұхбаттарды жариялап, сіздердің сенімдеріңізден шығады деп үміттенеміз.

Пікірлер