«Су тасыса – жар құлайды, көп толқыса – хан құлайды.» Су жайлы мақал білесіз бе?

4107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-10-at-11.23.27.jpeg
Су тақырыбындағы мақал-мәтелдердің көбі күнделікті өмірде айтыла бермейді. Осынау қанатты сөздердің астары өмірден алынғаны белгілі. Оған дәлел – соңғы аптадағы су тасқыны. «Қыста – арбасын, жазда шанасын дайындау» үрдісі үзілген жерден проблема басталады. Төмендегі мақал-мәтел топтамасының да өз айтары бар.   ⋆⋆⋆ Алыстан үрген ит қаппас, төменнен төрге су ақпас. ⋆⋆⋆ Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар. ⋆⋆⋆ Ағын су жолын табады, ақ адам оңын табады. ⋆⋆⋆ Ақылы аздың ашуы көп, таяз судың тасуы көп. ⋆⋆⋆ Атаң мұрап болса да атыздан кетпе. ⋆⋆⋆ Астауына қарай – қауғасы. ⋆⋆⋆ Бай – байға құяды, сай – сайға құяды. ⋆⋆⋆ Бұлаққа бұлақ қосылса, егізбіз дейді, Көлге көл қосылса, теңізбіз дейді. ⋆⋆⋆ Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. ⋆⋆⋆ Дария толы су болса, ит тілімен су ішер. ⋆⋆⋆ Еділ ел болып келгенге су болады, едірейіп келгенге у болады. ⋆⋆⋆ Етігіңді шешпей суға түспе. ⋆⋆⋆ Жайдақ су жай ағады. ⋆⋆⋆ Жақсы мұраптың соңынан су ереді, жаман мұраптың соңынан шу ереді. ⋆⋆⋆ Жаман сайдың суы тасыса, өткел бермес. ⋆⋆⋆ Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге, Жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес ішуге. ⋆⋆⋆ Жатқан тастың астына су бармайды. ⋆⋆⋆ Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық ⋆⋆⋆ Жер тегіс болса, су сылдырап ақпас еді. ⋆⋆⋆ Жемес жерде ет бар, ішпес жерде су бар. ⋆⋆⋆ Жылай - жылай арық қазсаң, күле - күле су ішерсің. ⋆⋆⋆ Иыққа шақ иінағаш. ⋆⋆⋆ Көл көлге құяды, сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ. ⋆⋆⋆ Қар суының тасқынын қасқалдақ көрмес. ⋆⋆⋆ Қылышты қынап сақтайды, суды мұрап сақтайды. ⋆⋆⋆ От — арық, су — семіз. ⋆⋆⋆ Өзен ақса — көл, дария ақса — сел. ⋆⋆⋆ Өзен суын жаңбыр тасытады, адам қадірін еңбек асыртады. ⋆⋆⋆ Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер. ⋆⋆⋆ Өткелсіз өзен – асусыз кезең. ⋆⋆⋆ Өткелін білмей өзенге түспе. ⋆⋆⋆ Тауды, тасты су бұзады, азаматты сөз бұзады. ⋆⋆⋆ Сай қуалап су ағар, жел қуалап от жанар. ⋆⋆⋆ Сасық суға аша бұтақ бітеді. ⋆⋆⋆ Саяз су сарқырап ағады. ⋆⋆⋆ Сең жүредi көктемде астан-кестең, Ақ атанның бауырын арқан кескен. ⋆⋆⋆ Су байлық – алты айлық, қар байлық – үш айлық. ⋆⋆⋆ Су аяғы – құрдым. ⋆⋆⋆ Су басынан бұзылады. ⋆⋆⋆ Су тасыса – жар құлайды, көп толқыса – хан құлайды. ⋆⋆⋆ Су патшасы – мұрап, түн патшасы – шырақ. ⋆⋆⋆ Суға түспей, теңіз кешпейсің. ⋆⋆⋆ Суға кеткен жаңқаға жармасады. ⋆⋆⋆ Судың кепкені - тіршіліктің кеткені. ⋆⋆⋆ Сылдырсыз аққан судан без. ⋆⋆⋆ Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар. ⋆⋆⋆ Су кетсе, тас қалады, сүрме кетсе, қас қалады. ⋆⋆⋆ Су қатайса мұз болар. ⋆⋆⋆ Су ішер арығы жоқ елдің сүзіп алар балығы жоқ. ⋆⋆⋆ Судың жолын құм бөгер, ердің жолын сұм бөгер. ⋆⋆⋆ Судың терең-саязын ағысынан білерсің, Аттың жақсы, жаманын шабысынан білерсің. ⋆⋆⋆ Судың түбін шым бекітеді, сөздің түбін шын бекітеді. ⋆⋆⋆ Таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ. ⋆⋆⋆ Терең судың ағысы білінбес. ⋆⋆⋆ «Тесіксің» деп елек шелекке күледі. ⋆⋆⋆ Халқын ойламаған хан семіз, дүние оған – су, теңіз.  

 «Адырна» ұлттық порталы

Комментарии