"Өзіміз-ақ күресеміз". Скляр апатты аймақтағы халықты эвакуациялауды тапсырды

717
Adyrna.kz Telegram
Фото: toppress.kz
Фото: toppress.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Петропавл маңындағы халықты мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Заречный кенті мен саяжайда тұратын халық көшкісі келмейтінін айтуда. Бұл туралы түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына айтты.

32 адам болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» деп келіспеген. Алайда апаттың алдын алу, адам шығынын болдырмау үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.

«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет» - деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты.

Пікірлер