Қазақ мұнайының экспорты. КҚК құбырымен мұнай тасымалдау тоқтатылды

734
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Магистральдық құбырмен мұнай тасымалдау 3 күнге тоқтатылды, деп хабарлады "Адырна" тілшісі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) телеграм арнасына сілтеп.

9 сәуірде Каспий құбырымен консорциумы магистралдық мұнай құбыры нысандарында ағымдағы жөндеу басталған.

«Каспий құбыр консорциумы 9 сәуірде Теңіз-Новороссийск магистральдық мұнай құбыры нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Мұнай құбырының 72 сағатқа тоқтатылуы жылына кемінде екі рет болады. Оның кестесі барлық жүк жөнелтушілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен алдын ала келісіледі», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазір Теңіз терминалында мұнай жөнелту тоқтатылған. Ал оны 11 сәуірде қайта бастау жоспарланып отыр.

Пікірлер