Еуропа Одағы көмек қолын созды

790
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропалық Одақ Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі «ИА Новости-Казахстан»-ға сілтеп.

Гуманитарлық көмек 127 427 еуро көлемінде көрсеткен.

«2015 жылдың сәуір айында Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарында болған су тасқынына байланысты Еуропалық комиссия су тасқынынан ең көп зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін 127 427 еуро көлемінде гуманитарлық көмек бөлді», - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ЕО-ның бұл қаржыландыруы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамына аса қажетті көмекті, оның ішінде түрлі тауарлармен қолдау көрсетеді.

«Алдағы үш айда көмек ең алдымен 1000-ға жуық ең осал отбасыларға, соның ішінде әйелдер басқаратын, көп балалы немесе қарт адамдары бар отбасыларға, сондай-ақ үйлері айтарлықтай қираған немесе мүлкі бұзылған отбасыларға беріледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Пікірлер