"Міндетті еді..." Кремль өкілі Ресейдегі су тасқынына Қазақстанды кінәлады

1406
Adyrna.kz Telegram
Фото: ekaterinburg-eparhia.ru
Фото: ekaterinburg-eparhia.ru

Ресей президентінің өкілі Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқынына Қазақстанды кінәлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі РБК-ға сілтеп.

Путиннің Орал федералды округіндегі өкілетті өкілі Якушев Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқынын болдырмау үшін Қазақстан өзінің су қоймалар жүйесіне суды «келісілген түрде жіберуге міндетті еді" деген пікір білдірген. Оның айтқаны Қазақстан осылай жасамаған соң Қорған мен Түмен жерін су алып кетті дегенге саяды. Соңынан ол сөзінің ләмін жұмсартқандай жалпылама сөйлеген.

«Бізде осындай қыс болған кезде және қардың мөлшері айтарлықтай көп болса, су қоймасында жеткілікті мөлшерде су жиналатын болса, біздің әріптестерімізбен [қазақстандық] осы мәселе бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді Якушев РБК телеарнасындағы сұхбатында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда ағынды суларды реттеу арқылы бірнеше аумақта су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.

Ал осы уақытта Қорған тұрғындары «үлкен суға» дайындалуда. Якушев қабылданған шаралар апатты жеңуге «100%» көмектесетініне кепілдік бермеді деген.

Путиннің Орал федералды округіндегі өкілетті өкілінің айтуынша, Қорған облысындағы төтенше жағдайды шешкеннен кейін құтқарушылар су тасқыны болуы мүмкін Түмен облысына жіберіледі.

Ал наурыз айының ортасынан бастап Қазақстанда елді мекендерді су тасқыны бастады. Елдің бірнеше аймағында жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оларды соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат деп атаған болатын. Ал Ресейде соңғы 100 жылда бұрын соңды болмаған тасқын жайында айтылады.

Пікірлер