Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - Қазгидромет

1715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_2324-960x500.jpeg?token=d6812a7023cff4cbc0ddceb10747809a
Еліміздің бірнеше өңірінде әлі де су тасқыны болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осындай болжам жасады. Мамандардың айтуынша, елдің бірқатар өңірінде тауларды әлі де қар басып жатыр. Сонымен қатар кенеттен жылыну және қатты жаңбыр қардың еруіне және су тасқынына болуына себеп болуы мүмкін екені айтылды.
"Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны орын алуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Комментарии